Аудандық соттың судьясы ауыл белсенділерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жетібай ауылдық мәдениет үйінде ауыл белсенділерімен кездесу өтті.

Іс-шараға Жетібай ауылының әкімі Қ.Асанов, Қарақия аудандық сотының судьясы Несіп Даргулова, Қарақия аудандық прокуратурасының прокурорлары, Қарақия аудандық ІІБ-нің қызметкерлері  және ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесуде сөз алған Несіп Даргулова Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ауыл тұрғындарына мемлекеттік тіліміздің мерейін өсіру, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, тарихи тұлғаларды таныту мақсатында жергілікті билік пен сот-құқық қорғау органдарының бірлесе жұмыс жүргізуін ұсынғанын айтты. Сондай-ақ, ол әкімдікке бірқатар әкімшілік –географиялық нысандар мен көшелерге туған жерден түлеп ұшқан би-шешендердің, ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде абыройлы, ел мүддесі үшін қызмет еткен қазылардың, ақын-жазушылардың есімдерін беру ұсынылғанын атап өтті. Ауыл тұрғындары мұндай ұсыныстың енгізілуіне бір ауыздан қолдау білдіріп, алдағы уақытта мұндай кездесулер жиі өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді деген ақ тілектерін жеткізіп тарқасты.

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі