Аудандық сотта Елбасы мақаласы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түпқараған аудандық сотында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Н.Тұржанов және судьялар, сот қызметкерлері, прокуратура, аудандық  құқық қорғау органдары және әділет басқармасы қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді аша отырып, сот төрағасы Елбасының рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында қазақстандықтардың ХХІ ғасырдағы ұлттық санасын дамытудың нақты жолдарын ұсынғанын айтып,   рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлтты сақтау қажеттігін атап көрсетті. Сондай-ақ, ол мақалада Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеу кезеңінде рухани бастамшылықтарды ұмытпау қажеттілігіне тоқталып, ұлттық код, руханият пен тіл мәселесі жөнінде салмақты ойлар қозғағандығы жайлы түсіндірді.

Іс-шараға соңында қатысушылар ел болашағының дамуы үшін ұсынылған маңызды мақалаға  қолдау білдірді.

Қайнар: 
Түпқараған аудандық сотының Баспасөз қызметі