Арызданушы сотқа жүгіну арқылы еңбек өтілі фактісін анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында азамат А-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілі фактісін анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, арызданушы 1986 жылы СССР кезінде Түрікменстан Республикасында жұмыс жасаған. Алайда, қазіргі уақытта аталған ұйымның болмауы себепті еңбек өтілін растайтын құжаттарды алуға мүмкіншілігі болмай, еңбек өтілі фактісін анықтау туралы талабымен сотқа жүгінген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 306-бабының талабына сәйкес, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

Сот ұсынылған дәлелдемелерді және  куәлердің көрсетулерін негізге алып, арызды қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдады.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі