Алқабилер қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің барысы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  қызметкерлері «Болашақ» колледжінің студентеріне «Алқабилер қатысуымен қаралатын қылмыстық істер» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Іс-шараға колледж оқытушылары мен студенттер қатысты.

Дәріс барысында аталған соттың қызметкері Т.Бисенов  алқабилерге кандидаттарды іріктеу рәсімдері туралы айтып,  әр азаматтың қылмыстық іс бойынша құқықтарын түсіндірді. Сондай-ақ, ол қарапайым халық өкілдерінің алқабилердің сот шешімдеріне қатысуына, жәй қатысып қана қоймай, шешім шығаруға нақты ықпал етуіне жағдай жасайтын бұл өзгеріс елімізде  демократиялық қоғам құру талаптарынан туындағанын жеткізді. Осыған орай, елімізде Праламент қабылдаған «Алқабилер туралы» Заң 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшінде.  Алқабилермен қаралатын істер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында нақты дәлелдермен, айғақтармен, куәлармен бекітіліп, дәлелденетіндігін атап өтті.

  Іс-шара соңында қатысушылар сот ұжымына алғысын білдірді.