Алаяққа рақымшылық қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында  сотталушы Н.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,   Н., 2016 жылдың мамыр айында Ақтау қаласы, 5 шағын ауданында орналасқан  «Свежак» кафесінде жәбірленушілер А. және О.-ның  әрқайсысымен бөлек кездесіп, «Маңғыстаумұнай Газ» АҚ-на жұмысқа орналастыра алатыны туралы айтқан.  А.-ның  250 000 теңгесін, О.-ның 736 480 теңгесін сеніміне кіріп, алдап алып, кері қайтармаған. Нәтижесінде, жәбірленушілерге материалдық шығын келтірген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Н. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының  2-бөлігінің 2 тармағымен  кінәлі деп танылып, оған 2  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленді.

Алайда, Қазақстан Республикасының 13.12.2016 жылғы №27-VІ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 3-бабына сай, тағайындалған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы, нақ сол мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған. Сонымен қоса, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жылына жүз сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі