Ақтау қалалық сотында «Медиация күні» қарсаңында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында «Медиация күнін» тойлау қарсаңында Ашық есік күні өткізілді.  

Ашық есік күні Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданғанына 5 жыл және «Медиация күнін» республикалық акциясын өткізу мақсатында  азаматтардың сот жүйесіне деген сенімділігін нығайту, құқықтық сананы жоғарлату, халыққа құқықтық көмек көрсету негізінде өткізілді.

Аталған шараға Ақтау қалалық сотының судьялары, Маңғыстау облысы бойынша кәсіби медиатор Г.Кожамуратова, Ақтау қалалық прокуратураның, ҚІІБ-ның өкілдері мен Ақтау қалалық сотына келген азаматтар қатысқан. 

Кездесу барысында Ақтау қалалық сотының судьялары мен медиатор Г.Кожамуратова медиация бұл даулы мәселелердің соттан тыс, бейтарап, даудың шешілуінде қызығушылығы жоқ үшінші тарап –медиатордың қатысуымен шешілетіндігін атап көрсеткен. Медиация рәсімі кезінде дауға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, дербес, өзара қолайлы шешімге келеді. Даулы мәселенің шешілуі толық тараптардың еркіне байланысты. Медиацияның ерекшеліктері болып бұл рәсімнің икемді әрі бейресмилігі болып табылады.  Медиацияда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігі анықталмайды. Медиацияның басты мақсаты – пайда болған түсініспеушіліктердің сындарлы шешімін табу.   Дауларды  шешуде  медиативтік тәсілдерді енгізу, Қазақстанның сот жүйесіне жағымды жағынан  ықпал етеді, соттарда жүктеменің азайуына мүмкіндік береді.

Қатысушылар осы мәселені бұдан әрі кең көлемде жалғастыруы жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, семинардың қорытындысы Ақтау қақалық сотының төраға м.а.  Г.Н.Айжарикова медиаторларға  ҚР медиация заңын дамытуда белсенді жұмыс атқарғаны үшін алғыс білдірді.

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі