20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Т., автокөлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосындағы орталық  жол бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.

Сот қаулысымен Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі