Архив событий

31/08/2017

Ірі мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды

31/08/2017

Қарақия аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігіне сай азаматша Б. ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша Б.Қарақия ауданындағы «Болашақ» балабақшасы МКҚК-ның басшысы бола тұра, террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамаған.

Қарақия аудандық сотының қаулысымен азаматша Б-ға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 226 900  теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

31/08/2017

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралықсотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Судьялар мен сот қызметкерлеріне Маңғыстау облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Бекжігіт Тұрлыбек баяндама оқыды.

Сот мәмілені жарамсыз деп таныды

31/08/2017

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жауапкерлер «Абакан» ЖШС мен жеке кәсіпкер С.-ға мәмілені жарамсыз деп тану туралы талабымен сотқа жүгінген.

Департамент «Абакан» ЖШС-не салық міндеттемелерін орындау бойынша кешенді тексеру жүргізу барысында 2013 жылы «Абакан» ЖШС мен жеке кәсіпкер С. арасында қызмет көрсету туралы жасалған келісім шартқа директор атынан басқа тұлғаның қол қойғанын, негізгі жұмыстар мен қызметтер көрсетілмей жеке кәсіпкерге шот-фактура жазылғанын анықтаған.

Аңшы мылтығын заңсыз сақтаған

31/08/2017

Түпқараған аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1-бөлігімен азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында белгілі болғандай, азамат А. ИЖ-18  маркалы дара ауызды тегіс ұңғылы мылтықты заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүрген.  

Сот қаулысымен А. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45 380 теңге айыппұл салынды және айғақты зат қару тәркіленіп, оқ дәрі жойылды.