Жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығын өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласы № 2 сотында  талапкер Б-ның  жауапкер С-дан жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

Сот, азаматтық істі сот отырысына дайындау барысында дауды бітімгершілік, медиация арқылы шешуді ұсынды. Нәтижесінде, сот отырысында тараптар медиация арқылы дауды өзара шешіп, яғни тараптар екі жаққа да тиімді келісімге келіп, осы медиациялық келісімді соттан бекітуді сұрады.

Медиациялық келісімге сәйкес талапкер Б. жауапкер С-дан өндіруді талап еткен 819 422 теңге сомасын 700 000 теңгеге дейін төмендетеді, ал жауапкер С. осы медиативтік келісімге қол қойған сәтте талапкерге 400 000 теңгені береді, ал қалған 300 000 теңгені бір жылдың ішінде әр айдың 01 жұлдызына дейін 25 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенеді.

Тараптарға ҚР Азаматтық процестік кодексінің  277, 278, 170-баптары, яғни іс бойынша іс жүргізу қысқартылған жағдайда сол тараптар арысындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіндігі түсіндірілді.

Сотпен медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс сот өндірісінен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі