Архив событий

13/07/2017

Тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

13/07/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру)  К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот шешімімен шетел азаматы Қазақстан Республикасының шегiнен шығарылды

13/07/2017

Ақтау қаласының №2 сотында Көші-қон полиция басқармасының халықтың көші-қон сұрақтары бойынша уәкілетті органының Өзбекстан Республикасының азаматы Х-ны  Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы азаматтық іс қаралды.

Көлік құралдарын басқару құқығынан 1 жылға айырылды

13/07/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 596-бабының 3-бөлігімен (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу)   А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медиативтік келісім арқылы мүлік бөлінді

13/07/2017

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер Р-дың жауапкер Б-мен арадағы  мүлікті бөлу, сот шығынын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, некеде тұрған кезінде тараптармен пәтер және автокөлік түріндегі ортақ мүліктер алынған.

Көрінеу жалған нөмірмен көлік жүргізген

13/07/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,   К. автокөлікті  көрінеу жалған «R 001 ADL»  мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісімен  жүргізіп,   жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сотпен медиативтік келісім бекітілді

13/07/2017

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер «Еуразиялық Банк» АҚ-ның жауапкерлер В. және Л-дан қарыз сомасын және сот шығынын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,несие шарты бойынша жауапкерлерден 18 529 190,37 теңге қарыз жиналған.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

13/07/2017

Түпқараған аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат  Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Н.  Түпқараған ауданы, Аташ кентінде орналасқан Ж.Мыңбаев мектеп гимназиясының ауласында жасөспірім 11.09.2009 жылы туылған Қ.-ның қолынан тартып ұрып, көйлегін жыртып, яғни  ұсақ бұзақылық жасаған.