Архив событий

24/07/2017

Әкімшілік хаттамадағы кемшіліктерді болдырмау мәселелері талқыланды

24/07/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судьялар мен жергілікті ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік хаттамадағы кемшіліктерді болдырмау, татуласу рәсімдері, медиацияның қызметі»  атты тақырыпта семинар-тренинг өткізілді.

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

24/07/2017

Түпқараған аудандық сотында Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  Ш. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра,  алкогольдік масаң күйде көлік жүргізгені  үшін жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Ұсақ бұзақылық жасаған

24/07/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен  Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  Н. Ақтау қаласы, 29 шағын аудан, 15 үйдің алдында темекі шегіп, оның тұқылын қоқыс салатын жәшікке салмай, жерге тастап, көпшілік жүретін орынды ластап, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.