Архив событий

31/07/2017

Маңғыстауда қылмыстық заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

31/07/2017

Маңғыстау облыстық сотының оқу орталығында облыс судьяларының, адвокаттар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен 03 шілде мен 11 шілде 2017 жылы Қазақстан Республикасының Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды назарға ала отырып, қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамалардың нормаларын қолдану тақырыбында семинар өткізілді.   

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған

31/07/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Өзбекстан Республикасының азаматы М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот шешімін орындамаған

31/07/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 669-бабымен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкер талапкер А-ның  пайдасына 225 955  теңге өндіру туралы Мұнайлы аудандық сотының шешімін орындаудан жалтарған.