Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610- бабының 2-бөлігімен (Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) азаматша И-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жүргізуші И.  «Hyundai Accent» маркалы  көлік құралын Ақтау қаласы, 23 шағын ауданында орналасқан «Салтанат» дүкеніне қарама-қарсы тас жолда басқара отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзып, жаяу жүргіншілер өткелі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргінші К-ны қағып кетіп, жәбірленушінің денсаулығына  жеңіл түрде зақым келтіріп, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Сотпен И. кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31 815 теңге әкімшілік айыппұл салынып, 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі