Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Медиация күні» атты шарасына сәйкес дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Жаңаөзен қаласының кәсіби медиаторы М.Ақмурзаева, Жаңаөзен қаласы бойынша кірістер басқармасының бас маманы М.Абишева, Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасының бас маманы А.Хамзин, Жаңаөзен аумақтық сот орындаушылар бөлімі бастығының м.а сот орындаушы Н.Сүйінбеков, Жаңаөзен ҚІІБ-ның жол патрульдік полиция ротасының полиция аға лейтенанты Г.Жумабаев,  Жаңаөзен қалалық ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Н.Папова, Жаңаөзен ҚІІБ ЖПҚ-нің УПИ полиция қызметкерлері Б.Калиев, С.Бауенов, М.Тәңірбергенов, Б.Ильясов, А.Буданбаев, А.Шайжанов, Жаңаөзен ҚІІБ ЖПҚ-нің ЮПИ полиция қызметкерлері Б.Елемесов, Г.Курбанов қатысты. 

 «Медиация күні» шарасына сәйкес сот төрағасы дөңгелек үстелді ашып, медиация деген - дауласушы тараптардың өздерінің ерікті келісімі бойынша өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін медиатордың көмегімен дауды реттеу тәсілі. Медиация тараптардың келісімімен ғана жүзеге асырылатыны,  азаматтық, қылмыстық, әкімшілік соттырында қаралатын істерге сәйкес, тараптардың медиатор арқылы келісімге келуі кінәлі тұлғаны үлкен сомма мөлшерінде айыппұл салудан немесе әкімшілік қамаққа алудан босатады.  Медиатордың міндеті - екі жақты татуластырып, бірлестіру. Даулы істерді екі жақты бітімге келтіру арқылы шешу жолымен қоғамға пайдасын тигізетіні туралы баяндады.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға күн тәртібінде көрсетілген жоспарға сәйкес сөз беріліп, баяндамалары оқылып, бір-біріне сұрақтар қойылып, оларға жауаптар беріліп, кеңінен талқыланды.

 

Қайнар: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі