Судьялар мен адвокаттар арасындағы өзара ынтымақтастық жалғасуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық соты мен адвокаттар алқасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Азаматтық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» атты  тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Айдарбек Тленов және судьялар мен  адвокаттар  қатысып, өзекті мәслелер жөнінде баяндамалар жасады.

Сот төрағасы қатысушыларды Қазақстан Республикасы Азаматтық процесттік кодексіне сай, дауларды (жанжалдарды) партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуде адвокаттардың маңызы зор екендігін, өңірде әлі де партисипативтік тәртіппен шешілген істердің аз екендігін, кез келген дауды сотқа дейін реттеудің маңызы зор екенін атап айтты.

Сондай-ақ, адвокаттар алқасының мүшелері М.Невеселов пен Т.Василега партисипативтік рәсімді практикада қолдану барысында туындайтын мәселелер туралы өз ойларын айтып, бітімгершілік рәсімдерін дамыту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

- Қазіргі кезде азаматтар ресми түрде құжат рәсімдеп, сот алдында өз дауын шешуді заңды әрі сенімді деп санайды. Бұл медиация институтын халық арасында әлі де кеңірек, көбірек насихаттау керектігін білдіреді. Сол үшін түсіндіру жұмыстарына жұмыла кіріскеніміз жөн, - деді Т.Василега.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара ынтымақтастықтың екі жаққа да тиімді болуы үшін нақты ұсыныстар мен пікірлерін білдіріп, бұл бастаманың судьялар мен адвокаттардың белсенді түрде өзара іс-қимыл жасауына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі