Шетелдік ел аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында  Түркменстан Республикасының азаматы А-ға қатысты азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 259 -бабының 2-1 бөлігімен және 250-бабының 2-бөлігінің «д» тармағында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Соттың қаулысымен А. жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған.

Шетелдік азаматтың ауыр қылмыс санатына жататын қылмыс жасағанын, жасаған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оны Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы арызды негізді деп тауып, қанағаттандырды.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі