Партисипативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында азаматтық іс партисипативтік келісіммен аяқталды.

Сотта анықталғандай, талапкер Т. жауапкер В.-ға 3 бөлмеден тұратын үлесті меншік болып табылатын пәтерді бөлу туралы талап келтірген. Тараптардың даулы пәтерге меншік құқықтары заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәліктің негізінде айқындалған.

Сот отырысында тараптар дау бойынша өзара адвокаттарының араласуымен жасалған партисипативтік келісімдерін ұсынды.

Партисипативтік келісім бойынша тараптар Ақтау қаласындағы жылжымайтын мүліктің нарық бағасына сәйкес даулы пәтерді бірігіп сатып, түскен қаражатты үлестеріне сай бөліп алуға  келіскен.

Талапкер Т. талап арызынан бас тартқан.

Соттың ұйғарымымен  тараптардың жасасқан партисипативтік келісімдері бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж салықтары талапкерге қайтарылды.

 Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі