Мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер В-ның жауапкер Ақтау қалалық әкімдігінен мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер В.  А-мен 24.02.1989 жылдан бері некеде тұрған, алайда А.  06.03.2015 жылы қайтыс болған, некеде тұрған уақытта ерлі-зайыптылар Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 19 үй, 128 пәтерді яғни, жылжымайтын мүлікті жекеменшігіне сатып алған. Алайда,  талапкер заңмен көзделген алты айлық мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алған.

Соттың шешімімен аталған талап қанағаттандырылып, мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алу себебі дәлелді деп танылып, талапкерге 06.03.2015 жылы қайтыс болған А-дан қалған мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі