Медиация арқылы отбасы сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында  неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы А. сотқа берген талап арызында жауапкермен  2006 жылдан бері заңды некеде тұрып жатқанын, ортақ некеден араларында кәмелет жасына толмаған 4 баласы барын, жауапкердің өзін сыйламайтынын, балалардың тәрбиесімен айналыспайтынын, отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп  арызданған.

Судья-медиатор тараптарға медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері туралы түсіндіргеннен кейін, тараптар сотқа дауды медияция тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Келісімге сәйкес, талап қоюшы некені жалғастыруды қалады, ал жауапкер жұбайына сыйластық танытуға және түсіністікпен қарауға, отбасына көңіл аударып, балаларының тәрбиесімен айналысуға міндеттенді.

Соттың ұйғарымымен тараптардың дауды реттеу туралы келісімін сот медиациясын жүргізу тәртібімен бекітіп, іс жүргізу тоқтатылып, 681 теңге  мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі