Көршілер арасындағы қақтығыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында  пәтерге су жіберу салдарынан келген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер Л. пәтерін су басу кезінде материалдық шығын келгенін айтып, жоғары қабатта тұратын көршісі К.-ға наразылығын білдірген. Талапкер сотқа жолдаған талап арызында жеке пәтер иелері кооперативінің, сауда-өнеркәсіп палатасының жүргізген бағалау қорытындысымен анықталған 149 000 теңге көлемінде келтірілген шығынды өндіруді сұраған.   

Сотта жауапкер К. көршісінің пәтерін су басу кезінде келтірілген залалды жоққа шығармай, сонымен бірге бағалау сомасы көбейтіліп көрсетілген шығын көлемімен келіспейтіндігін айтты.

Соттың шешімімен талапкер Л.-дің су басқан пәтеріне материалдық залалды өндіру туралы талап арызы толықтай қанағаттандырылды.

Жауапкерден залалды өндіру есебінде 149 000 теңге материалдық шығын, 24 000 теңге бағалау шығыны, 1 490 теңге сот шығыны, барлығы 174 490 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі