Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында Қазақстан Республикасының  Конституциясы  күніне арналған салтанатты жиын өтті.   

Аталған шараға Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. , азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Марат Сабырбаев,  Маңғыстау облысы бойынша  Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенова, облыстық, аудандық және оған теңестірілген сот судьялары,  сот қызметкерлері қатысты. 

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, жиынды төраға м.а.  Марат Сабырбаев ашты.

«Биыл Конституциямызға жиырма бір  жыл. Осы уақыт ішінде Ұлт Көшбасшысы - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанды әлемге танытқан, халықтың мақтанышы мен көзқуанышына айналған іргелі істер атқарылды. Еліміз әлемнің елу дамыған елінің қатарын толықтырып, үздік отыздыққа ұмтылуда. Осындай жетістіктер мен нәтижелердің астарында Конституциямен бекітілген қағидалар жатыр. Ата Заңымыздың талаптарын сақтай отырып, алатын асуларымыз биік болғай», - деді  М.Сабырбаев.

Сондай-ақ, шара барысында сөз алған  Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы М. Епенова «Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық.Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеп, шараға қатысушыларды құттықтады.

Сонымен қатар, шарада Қарақия аудандық сотының бас маманы Алтынай Қайырболат Ата Заңымыздың 21-жылдығына орай «Ата Заң» атты тақырыпта баяндама оқыды.

Салтанатты шара барысында Қарақия аудандық сотына судья қызметіне жаңадан тағайындалған Несіп Дарғұлова ант қабылдады.

Салтанатты шара  марапаттау рәсімімен және арнайы концерттік бағдарламамен  жалғасын тапты.

Ұзақ жылдар бойғы жемісті әрі мінсіз қызметі, сот-құқық жүйесін дамытуға қосқан салмақты үлесі үшін II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен  Маңғыстау облыстық сотының судьясы Ғабит Бастаубаев және Маңғыстау облысы мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы Шаншарбек Есбағанбетов  марапатталды.

Судьялар одағының  «Үш би» құрмет белгісі Маңғыстау облыстық сотының судьясы Бекзат Шоқановаға  тапсырылды.

Іс-шара соңында  Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. М.Сабырбаев сот қызметкерлерінің  сот жүйесін жетілдірудегі жұмыстарына табыс тіледі.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі