Көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Н. автокөлігін  Ақтау қаласы, 29 шағын аудан, «Арна» мейрамханасына қарсы тас жолда  алкогольдік масаң күйінде жүргізген.

Сот қаулысымен Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608- бабының 1 -бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза  тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі