Қарызды қайтарудан жалтарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер С-ның жауапкер  Ч.-дан   қарыз ақшаны      өндіру  туралы  азаматтық  іс  қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың 08 сәуірінде  тараптар арасында жазбаша  келісім шарт жасалып, нотариуспен расталған.  Келісім бойынша Ч. 660 000 теңгені 2016 жылдың 05 мамырына дейін қайтаруы тиіс болған, алайда көрсетілген уақытта жауапкер берешек ақшаны қайтармаған. Талапкердің қарызды қайтару туралы талабына жауапкер  «қайтарамын» деген уәде беріп, көрсетілген мекенжайда тұрмай, қарызды қайтарудан жалтарған.

Сотпен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі