Қарыз қайтарылуы тиіс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер Н-ның  жауапкер Ж-дан  қарыз ақшаны  өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың 14 шілдесінде жазбаша жасалған қарыз шарты бойынша жауапкер Ж. талапкер Н.-дан 2 000 000 теңгені 2016 жылдың 01 қыркүйегіне  дейін қайтарып беру міндеттемемесімен қолхат арқылы  қарызға алған.

Алайда, қарыз қайтару туралы ескертпелерге жауапкер өз тұрғысынан ешқандай  әрекеттер жасамаған.

Сот шешімімен жауапкер Ж.-дан талапкер Н.-ның пайдасына  2 000 000 теңге қарыз ақша және 20 000 теңге мөлшеріндегі сот шығыны өндіріліп, талап арыз қанағатандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі