Қарыз ақша өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында  талап қоюшы А.-ның жауапкер Д-дан 1500 АҚШ доллар қарыз ақшаны және мемлекеттік бажға жұмсалған 4900 теңгені өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықтағандай, талапкер А. жауапкер Д.-ға 20.05.2015 жылы  заем шарты бойынша 1 500 АҚШ долларын 3 айға 15 пайыздық сыйақымен қарызға берген. Ал, жауапкер қарыз соманың 500 АҚШ долларын және 80 000 теңгесін қайтарған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 127-бабына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Сот шешімі туралы» 11.07.2003 жылғы №5 қаулысының 20-тармағына сай, сот  талап арызды ішінара қанағаттандырып, жауапкер Д.-дан талапкер А.-ның пайдасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шешiм шығаратын күнге белгiлеген бағамы бойынша есептелініп,  232 550 теңге қарыз сомасы және сот шығындары 2326 теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі