Қарыз ақша өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Н.-дан   1 500 000 теңге қарыз ақшаны, 8 100 000 теңге сыйақы сомасын және мемлекеттік бажды төлеуге жұмсалған 96 000 теңгені өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Сот отырысында анықтағандай, талапкер А. жауапкер Н.-ға 21.03.2014 жылы  заем шарты бойынша 1 500 000 теңгені  3 айға 15 пайыздық сыйақымен қарызға берген, ал жауапкер қарыз сомасын қайтармаған.

Сот ҚР Азаматтық Кодексінің 272, 386-баптарын басшылыққа алып,  талап арызды ішінара қанағаттандырып, жауапкер Н.-дан талапкер А.-ның пайдасына негізгі қарыз сомасы 1 500 000 теңге, сыйақы сомасы 675 000 теңге және сот шығындары 21 750 теңге өндіру туралы шешім қабылдаған.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі