Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түпқараған аудандық сотында Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот  барысында анықталғандай, Таушық ауылының Т. есімді тұрғыны  отбасындағы болған кішігірім жанжалды себеп қылып, У. деген азаматтың басынан қасқана, ауыр темірмен (профиль) бір рет ұрып, есінен тандырған.

Нәтижесінде, У-да сол жақ самай сүйегінің ашық түрдегі сынуынан бас миының соғылуы мен қатты ми қабатының зақымдануы, жұмсақ ми қабаты астына қан құйылуы орын алып, яғни өмірге қауіптілік белгілеріне байланысты денсаулығына ауыр зиян келген.

Түпқараған аудандық сотының үкімімен Т. ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) кінәлі деп танылып, оған  5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Источник: 
Түпқараған аудандық сотының Баспасөз қызметі