Бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық соты аудандық пробация қызметінің сотталған С-ке қатысты тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Іс-материалдарына сәйкес, сотталған С. пробация қызметіне есепке алынған уақыттан бастап өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, қасақана бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын, белгіленген уақытта үйіне іздеп барғанда болмайтынын, ішімдікке әуестігін, жаза өтеу тәртібі туралы бірнеше рет ескертілгенін айтып, ұсынысты қанағаттандыруды сұрады.

ҚР ҚК-нің 44-бабы 3-бөлігі бойынша бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылады.

Сот пробация қызметінің сотталған С-ке қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қанағаттандырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі