Азаматтық іс медиативтік келісіммен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласы № 2 сотында талапкер Т-ның жауапкерлер  Е. мен Ш-дан     жол-көлік оқиғасынан келтірілген шығынды, сот шығындарын өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

 Талапкер өзінің талап арызында орын алған жол-көлік  оқиғасын көрсетіп, жауапкерден  өзінің пайдасына  жол-көлік оқиғасынан келтірілген  1 073 933 теңге материалдық шығынды, келтірілген материалдық шығынды бағалау үшін төленген 24 000 теңгені және жауапкерлерге  хабарламаны жолдау үшін 725 теңге сот шығыны мен баж алымын өндіруін сұраған.

 Сот отырысы барысында  тараптар медиатор ретінде төрағалық етуші судьяның қатысуымен өздеріне  тиімді  шарттармен медиативтік келісімге келіп, ол медиативтік келісімге сәйкес жауапкерлер Е., Ш.,    талапкер Т-ға жол-көлік оқиғасынан келтірілген  1 073 933 теңге материалдық шығынды, материалдық шығынды бағалау үшін төленген 24 000 теңгені және жауапкерлерге  хабарламаны жолдау үшін 725 теңге сот шығынын, барлығы 1 098 658  теңге шығынды бөліп төлеуге, яғни  500 000  теңгені  20.04.2017 жылы,   ал қалған 598 658 теңгені 20.07.2017 жылға дейін төлеуге міндеттенеді.

Аталған   азаматтық іс медиативтік келісіммен  аяқталды.

Медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық  іс сот өндірісінен қасқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі