Азаматтық істер бойынша сот жұмысы қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласы №2 сотында 2017 жылдың 6 айындағы сот төрелігін атқару жұмыстары бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Қ.Рысқалиева және судьялар қатысты.

2017 жылдың 6 айында сотқа 5447  талап арыз бен азаматтық іс түскен (2016 жылы 4216 талап арыз бен азаматтық іс түскен болатын), яғни 2017 жылы түскен талап арыздар мен істер саны 1231  немесе 34,2 пайызға көбейген.

Ақтау қаласының №2 сотымен 2017 жылдың 6 айында барлығы 4629  азаматтық іс қаралып, аяқталған (2016 жылы осы кезеңде 3700 азаматтық іс аяқталған болатын), оның ішінде шешім шығарумен  2050 іс, (1186 іс), оңайлатылған (жазбаша іс жүргізу) тәртіпте қаралған 1144 іс (974 іс), бітімгершілік келісімді бекітумен 31 іс (48 іс), медиациялық келісімді бекітумен 149,  (85 іс), партисипативтік келісімді бекітумен 7, (0) азаматтық іс аяқталған, бұйрық шығарумен 1849 іс (1342 іс).

 Ақтау қалалық №2 сотының 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарған сот төрелігін өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда есептік кезеңде сотқа түскен талап арыздар саны көбейіп, медиация тәртібімен қаралған істер саны біршама артқан. Өткен жылмен салыстырғанда медиация тәртібімен қаралған істер саны 149, (85), яғни 42%  көбейген, сот өндірісінде партисипативтік келісімді бекітумен 7 азаматтық іс қаралған, ал өткен жылғы есептік кезеңде мұндай тәртіпте азаматтық істер қаралмаған болатын. Бұл дегеніміз сотқа жүгінген азаматтар, аталған заңның тиімділігін сезіне отырып, араларындағы туындаған дауды өзара, екі жаққа бірдей тиімді келісімге келу арқылы шешкендігінің айғағы.

Сондай-ақ, соттың ашықтығы мен сот жүйесіндегі жаңашылдықтарды насихаттау барысында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы судьялар 70 мақала, теледидар мен радио арқылы 9 сұхбат беріп, облыстық соттың веб-сайтына 113 ақпарат жарияланған.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі