Аудандық сот 2017 жылдың жартыжылдығын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша   брифинг өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Б.Елемесов және судьялар, сот қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Брифинг барысында сот төрағасы аудандық соттың есепті кезеңде өндірісте  қаралып аяқталған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге қатысты статистикалық мәліметтерін баяндады.

Есепті мерзімде аудандық соттың судьяларымен 107 тұлғаға қатысты 104 қылмыстық іс,  оның ішінде 18 қылмыстық іс бойынша сот өндірісі медиация тәртібімен тоқтатылған. Аяқталған 1026 азаматтық істің 170 ісі оңайлатылған тәртіппен қаралып, 107 азаматтық іс медиатордың қатысуымен, 7 іс адвокаттардың қатысуымен аяқталған. Сондай-ақ, 1016 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 22 іс бойынша сот өндірісі медиация тәртібімен келісімге келіп аяқталған.

Іс-шарада сот төрағасы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша сотқа жүгінген барлық азаматтардың сұрақтарын шешу үшін  қолданыстағы заңдардың шеңберінде барлық шараларды қолдану міндеттілігін, азаматтармен кездесулер  өткізу, оларға жеткілікті көңіл аудару мәселелерінің міндетті болып табылатындығын тілге тиек етті.       

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі