Аса ірі мөлшердегі есірткі затын заңсыз сақтап, өткізген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.

Сотта анықталғандай, Д-ның үйінен өткізу мақсатында заңсыз сақталған, аса ірі мөлшердегі - 16,72 гр. есірткі заты – героин табылып алынған. Атап айтқанда, асхана бөлмесіндегі  «Атлант» тоңазытқышының ішінен «Аджика с хреном» деген жазуы бар шыны банкасының ішінен 1 дана целлофан пакетке салынған «героин» есірткі заты, сумкасынан 1 дана қағазға оралған «героин» есірткі заты, сіріңке қорабына салынған 5 дана қағаз, 5 дана целлофан орамдарға оралған  «героин» есірткі заттары алынған.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Д. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және өткізу әрекеттерін жасағаны үшін) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 11  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сотталған Д. мен оның қорғаушысы Б.-ның апелляциялық шағымымен іс Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралып, шағымда келтірген уәждері негізсіз деп танылып, сот үкімі өзгеріссіз,  апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылған.

 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі