Архив событий

25/01/2017

«Сот актілерін орындау тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді

25/01/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот актілерін орындау тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға  сот төрағасы Ө.Садықов және судьялар, Ақтау қалалық жеке сот орындаушылары Ж.Кожиев, К.Савтаев және Р.Джанахмедов, сот қызметкерлері қатысты.

Жол-патрулдік полициясының автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған

25/01/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.                             

Сотта құқық бұзушы М., Жаңаөзен қаласы, Көктем шағын ауданындағы тас жолда автокөлігін басқару барысында жол-патрульдік полициясының автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны анықталған.        

Қоғамдық орынды ластаған

25/01/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтКнің 434-бабының 1-бөлігімен азамат Р-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Алименттен төлемегені үшін жазаға тартылды

25/01/2017

Түпқараған аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен азамат К.-ке қатысты әкімшілік іс қаралған.

Сот отырысында анықталғандай, заңды күшіне енген сот бұйрығын орындамаған борышкер әкеге балаларының алиментіне атқарушылық өндірісі қозғалған. 18.11.2015 жылдан бергі берешегі 445 578 теңгені құраған.

Сотта бітімгершілік келісімі бекітілді

25/01/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «ҚР инвестициялар және даму министрлігі индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің» «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жауапкер «Актау-Транзит» ЖШС қарыз ақшаны және тұрақсыздық айыппұлын өндіру туралы азаматтық ісі бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.