Архив событий

13/01/2017

Сотта бітімгершілік келісімі бекітілді

13/01/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жауапкер «Актау-Транзит» ЖШС-нан қарыз ақшаны және тұрақсыздық айыппұлын өндіру туралы азаматтық ісі бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.

Маңғыстау облыстық сотында соттардың БАҚ-пен байланыс жұмыстары талқыланды

13/01/2017

Маңғыстау облыстық сотында соттардың 2016 жылдың 12 айында БАҚ-пен бірлестікте атқарған жұмыстарын талқылау және жаңа жұмыс бағытын айқындау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьялары мен Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері қатысты.