Алимент төлеуден жалтарған әкенің берешегі 7 миллион теңгеден асқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түпқараған аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, заңды күшіне енген сот бұйрығын орындамаған борышкер әкенің үстінен балаларының алиментіне атқарушылық өндірісі қозғалып, көп жылдан жиналғаннан бергі берешегі 7 528 274  теңгені құраған.

Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып,  оған осы бап бойынша он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  22 690 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Источник: 
Түпқараған аудандық сотының Баспасөз қызметі