Архив событий

30/03/2015

Әйелін балағаттағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

30/03/2015

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1 бөлігімен азамат Б.И.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Азамат Б.И. өзінің іс-әрекеттерінде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмай, 05 наурыз 2015 жылы сағат 19:00 шамасында Жаңаөзен қаласындағы өз үйінде жолдасы Г.Т.-ны боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп, тыныштығын бұзған.