Архив событий

16/03/2015

Сот қызметкерлері сенбілікке шықты

16/03/2015

Көктем келіп, күн жылып, тоң жібіді. Бұл кезде бүкіл табиғатқа жан біткендей, айнала құлпырып шыға келетіні белгілі. Әрине мұндай жағдайда табиғат-анаға, ең алдымен, біздер, адамдар көмек көрсетуіміз керек.

Қарақия аудандық сотының судьялары мен кеңсе қызметкерлері өткен сенбі күнгі демалыста үйде емес, жұмыс ауласында сенбілік өткізді.

Жауапкершіліктен жалтару жазасыз қалмайды

16/03/2015

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 665-бабының 1 бөлігімен азамат Ж.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Ж.К. Жаңаөзен қалалық сотының 22.02.2012 ж. сот бұйрығы бойынша алимент төлеуге міндеттенген. Алайда борышын уақытында төлемегені үшін сот орындаушысынан шақырту қағазын ала тұра, сот бұйрығын орындау мәселесі бойынша түсінік беру үшін сот орындаушысына бармаған.