Архив событий

17/03/2015

Жұмыс орны санитарлық талапқа сай болмаған

17/03/2015

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер республикалық «Маңғыстау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Кедентранссервис» АҚ-на берілген Атырау аймақтық филиалының Маңғыстау стансасындағы жүк ауданындағы тұрмыстық бөлмесін анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін пайдалануын тоқтату туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот бұйрығының талаптарын орындамаған

17/03/2015

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен азамат О.И.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат О.И. Жаңаөзен қалалық сотының 20.02.2004 жылғы сот бұйрығына сәйкес талапкер А.Ф.-ның пайдасына 1/7 мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенген. Алайда, сот орындаушысынан бірнеше рет ескерту қағазын ала тұра, сот бұйрығының талаптарын орындаудан жалтарған.

Сот мәжілісінде О.И. кінәсін мойындап, борышын төлеу үшін қаражатының жоқтығын айтып, түсініктемесін берді.

Сот қаулысымен О.И. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 (үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.