Архив событий

02/03/2015

«Жаңа заңдарды қолдану тәжірибиесі қалыптасуда»

02/03/2015

Маңғыстау облыстық сотының ұйымдастыруымен жаңадан қолданысқа енгізілген Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстерді талқылау жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Шараға тергеу судьялары, қылмыстық істерді қарайтын судьялар, ішкі істер органдары өкілдері мен прокуратура басшылары, жауапты қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында судьялардың, тергеушілер мен прокурорлардың жаңа заңдарды қолдану кезінде кездескен мәселелері мен туындаған сұрақтары талқыланды. Нақты айтқанда, соттарда тергеу судьяларына қатысты, ал сотқа дейінгі өндірісте тергеушілерден кәмелетке толмағандарға қатысты кешенді психолого-психиаторлық сараптама жүргізу туралы сұрақтар қойылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.

Жаңа заңдардың қолданыста болған екі ай ішінде алынған жұмыс нәтижесі көрсеткендей, судьялар мен алдын ала тергеу органдары өкілдері сот-тергеу практикасына қатысты бірқатар жетілдіру жұмыстарын қажет ететіндері белгілі болды.