Архив событий

08/04/2014

МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

08/04/2014

Ақтау қаласының №2 сотында пәтеріне су жіберген көршісі Т-дан  материалдық шығынды өндіру үшін жүгінген К. есімді азаматтың талап арызы қаралды. 2013 жылы 12 қараша күні үстіңгі пәтерден аққан судан талапкердің бөлмедегі дүние мүліктері бүлініп, оған 167 733 теңгеге мүліктік зиян келтірілген. Сот отырысында жауапкер Т-ның пәтеріндегі су құбырынан талапкер К-ның  пәтеріне су кеткені дәлелін тауып, соттың шешімімен  келтірілген шығын өндіру туралы талабы  қанағаттандырылды.

Қызметкерлердің жалақылары сотпен өндірілді

08/04/2014

Ақтау қаласы №2 сотына  «РИГ» ЖШС-нің барлығы 116 қызметкері жұмыс берушінің жалақылары бойынша қарыздарын өндіру туралы талап арызбен жүгініп, сот шешімімен олардың жалақылары өндірілді. Оның ішінде  5 сот бұйрығы,  111 сот шешімі шықты. Сот отырысында жұмыс берушінің қызметкерлеріне заңда көзделген уақытта жалақыларын төлемей, міндеттемелерін орындамағаны дәлелін тапты.

Ақтау қаласы №2 сотының баспасөз қызметі