Архив событий

27/04/2014

Апелляциялық сот алқасы Акташевке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

27/04/2014

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында сотталған және оның қорғашысының апелляциялық шағымдары бойынша бомбы жатқан туралы жалған хабарлаған үшін сотталған Акташевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау қалалық сотының үкімімен Акташев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242 бабымен (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) 2/екі/ жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Маңғыстау облысы соттары алғашқы тоқсан қорытындысын шығарды

27/04/2014

Маңғыстау облысы соттарында 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әміров, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Марат Қалмұратұлы Сабырбаев, Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Гафур Хамзеұлы Шаров қатысты.