Есірткіні тасымалдаған азамат жазасын алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотымен  ҚР ҚК-нің 250-бабының 1-бөлігімен  азамат Т.К.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес 2013 жылдың 12-ші желтоқсан күні сағат 18.00 шамасында Түркменстан Республикасынан Қазақстан Республикасына келе жатқан азамат Т.К.-ның басқаруындағы «Шевролет Нива» маркалы автокөлігіне «Темір-Баба» кедендік бақылау бекетінде автокөлікке шекара қызметі мен кеден бекетінің қызметкерлері қызметтік іздеуші итімен тексеру жүргізгенде автокөліктің жүргізуші орындығының астынан қағазға оралған өзіндік иісі бар 0,48 грамм есірткі заты марихуана табылған. Сотта азамат Т.К. өзінің кінәсін мойындамады. Азамат Т.К.-ның қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындамағанымен куәлердің жауаптарымен және іске тіркелген басқа да құжаттармен сотта дәлелденді. Сот азамат Т.К.-ның қылмыстық іс-әрекетін Қазақстан Республикасының ҚК-нің 250-бабының 1-бөлігімен дәрежелеуге жатады деп санады. Себебі ол есірткі заты марихуананы кеден одағының кедендік шекарасы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізу -деген қылмысты жасаған деп тапты.

Сот үкімімен азамат Т.К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 250-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, 1 (бір) жыл сынақ мерзімі белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі