МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында пәтеріне су жіберген көршісі Т-дан  материалдық шығынды өндіру үшін жүгінген К. есімді азаматтың талап арызы қаралды. 2013 жылы 12 қараша күні үстіңгі пәтерден аққан судан талапкердің бөлмедегі дүние мүліктері бүлініп, оған 167 733 теңгеге мүліктік зиян келтірілген. Сот отырысында жауапкер Т-ның пәтеріндегі су құбырынан талапкер К-ның  пәтеріне су кеткені дәлелін тауып, соттың шешімімен  келтірілген шығын өндіру туралы талабы  қанағаттандырылды.

Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі