Жол жүрісі қағидасының талаптарын орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Е. қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай ӘҚБтК) 613-бабының 1- бөлігімен (Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау )   іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Е. басқаруындағы «Mercedes-Benz S350» маркалы автокөлігімен Ақтау қаласы, 8 шағын аудан 9 үйге қарама қарсы тас жолда Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидасының 2-бөлімінің 1-тарамағының 2- тармақшасының талабын орындамаған. Яғни, Е. ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Құқық бұзушы Е. ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  42 420  теңге айыппұл салынды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі