Архив событий

16/05/2016

Жолдың қарама-қарсы бағытына шыққаны үшін жауапқа тартылды

16/05/2016

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 596-бабының 3-бөлігімен (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) құқықбұзушы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылды

16/05/2016

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 610 бабы 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды .

Қарақия аудандық сотының судьясы мектеп оқушыларымен кездесті

16/05/2016

Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық сотының судьясы Д.Албытовтың және аудандық ІІБ-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі участкілік инспекторы Е.Бейсенбаевтың қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» атты тақырыпта Құрық селосының №6 орта мектебі  мемлекеттік мекемесінде оқушыларымен кездесу өткізілді.

Сенбілік өткізілді

16/05/2016

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қалалық екі айлық көгалдандыру және көріктендіру аясында сенбілік өткізілді.