Архив событий

04/05/2016

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік бақылаудан жасырған

04/05/2016

Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық сотымен И-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 549 бабымен (Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру арқылы жасыру) әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

04/05/2016

Қарақия аудандық сотымен азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.

 Сотта анықталғандай, С., алкогольдік масаю күйінде автокөлікті басқарғаны үшін Қарақия аудандық сотының 24 қырқүйек 2014 жылғы ҚР-сы ӘҚБтК-нің 467 бабының 1 бөлігімен  3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Тараптар бітімгершілікке медиация арқылы қол жеткізді

04/05/2016

Ақтау қалалық сотымен сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Т.  «Шевролет Ассати» автокөлігінің ішінде бола тұра, қасақана, пайдақорлық ниетпен, еркін қолмен,  бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, жәбірленуші К-ге тиесілі бағасы 200 000 теңге тұратын «Самсунг Галакси S6» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде жымқырған.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған

04/05/2016

Маңғыстау аудандық  сотымен сотталушы Б-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  346-бабының 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) қылмыстық теріс қылық іс қаралған.