Сотпен медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының №2 сотында талапкер  С.жауапкер Ж-дан  қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкер талапкерден 300 000 теңге қарыз алған, оны қайтару жөніндегі міндеттемесін орындамаған.

Сот талқылауы барысында тараптар медиативтік келісімге келіп, оның талаптары бойынша жауапкер талапкерге 2016 жылдың 20-маусымына дейін 150 000 теңге қайтарады, ал талапкер өз кезегінде аталған соммамен келісіп, қарыздың тең жартысын талап етпейтінін білдірді.

Сот, тараптармен жасалған медиативтік келісім ҚР-ның «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талаптарына сай келетінін, заңға қайшы келмейтінін, екі тараптың мүддесінде жасалғанын және келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, медиативтік келісімді бекітті. Іс бойынша сот өндірісі қысқартылған.

 

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі