Пара алғаны үшін сотталған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түпқараған аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366- бабының 1-бөлігімен сотталушы  Б-ға  қатысты іс қаралган.

Сотта анықталғандай,  С.Шапағатов селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Б. қызмет бабын пайдаланып, қасақана,пайдақорлық ниетпен, пара алу арқылы заңсыз пайда табу мақсатында қылмыс жасаған. Сотталушы Б. жер учаскесіне жеке меншік құқық беру туралы шешімінің дубликатын беру үшін өзіне 20 000 теңге пара беру қажеттігін айтқан. Ал,  жәбірленуші Р. оның 20 000 теңге талап етіп отырғаны заңсыз екендігін біліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментіне арызданған.

Сот үкімімен сотталушы  Б. жоғарыдағы бап бойынша кінәлі деп танылып, жеке өзіне тиесілі мүлкі тәркіленіп, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы  тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Түпқараған аудандық сотының Баспасөз қызметі