Мас күйінде полиция қызметкерлерімен ерегескен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 355-бабының 2 бөлігімен құқық бұзған З.И.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Шетпе селосында алкогольдік ішімдік ішкен мас күйдегі З.И. полиция қызметкерлерімен ерегесіп, олардың қойған заңды талаптарына бағынбай, қасақана қарсылық көрсетіп, балағаттап тіл тигізген.

Сот отырысында З.И.-дың әрекеті себебі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерінің мәлімдемесімен, өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның алғашқы берген және сот мәжілісінде берген түсініктемесімен, тағы басқа сотта зерттелген құжаттармен расталды.

Судья дәлелдемелердің жиынтығы негізінде З.И.Ш әрекеттерін дәрежелейді.

Сот шешімімен З.И. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 355 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 9260 теңге  әкімшілік айыппұл салынды.

Источник: 
Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі