Архив событий

14/08/2014

Тұтынушылардың құқығын қорғау

14/08/2014

Кеше Ақтау қаласы №2 сотында «Тұтынушылардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға  Ақтау қаласы №2 сотының төрағасы Қ.Ж.Рысқалиева, судьялар Д.Б.Кеншимова, Е.Б.Бегенов, М.Қ.Мукашев, сонымен қатар сот қызметкерлері, Ақтау қалалық прокуратурасының өкілі Қ.Нығметолла, Маңғыстау облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілдері Н.М.Рафикова, Р.Абкадыров, Маңғыстау облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау Департаментінің өкілі М.Ж.Қадір  қатысты.

Кәсіби медиатордың қатысуымен өткізілген сот талқылауы

14/08/2014

Ақтау қалалық сотымен сотталушы М-ке қатысты қылмыстық іс қаралған. Сотталушы «М», қасақана , пайдақорлық ниетпен, бөтен мүлікті ұрлау мақсатында, жәбірленуші «К»-нің үйінде бола тұра, оның іс әрекетін ешкім бақылап отырмағынана көз жеткізізіп, жәбірленушінің бағасы 61 000 тенге тұратын «Самсунг Галакси Вин» маркалы ұялы телефонын және ішінде болған бағасы 1000 тенге тұратын «Актив» сим картасын  жасырын түрде ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.